KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Катонқарағай ауданында асфальт-бетон, кірпіш өндіретін кәсіпорындар іске қосылыды

23.07.2012, 18:00 176


Катонқарағай ауданында жаңа кәсіпорындар іске қосылып, экономиканың дамуына септігін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Нығмет Шаухин басқаратын «Нарын» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Үлкен Нарын ауылында асфальт-бетон зауытын салып, іске қосты. Соның нәтижесінде ауылды көркейту жұмыстарының ауқымы бұрынғыдан да арта түсті. Қазіргі уақытта көшелерді жөндеп, асфальт, жиектас және тақташалар төсеу және басқа да жұмыстарды іске асыру кезінде осы кәсіпорынның шығарған материалдары қолданылып жатыр.

Бұған қоса осы ауылда бұл кәсіпорын өзінің кірпіш зауытының тұсауын кесті. Енді аудандағы жеке тұрғын үйлерін салатын азаматтар да құрылысқа қажетті материалдарды алыстан тасымалдамайтын болды.

Былтыр «Нарын» КМК ұжымы Үлкен Нарын ауылындағы 129 тұрғын үйді орталықтандырылған су жүйесіне қосты. Биыл Назыров көшесіндегі тұрғын үйдің бір жақ бөлігіндегі иесіз қалған алты пәтерді күрделі жөндеуден өткізіп, кәсіпорынның пәтер кезегінде тұрған жұмысшыларына пайдалануға берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив