KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қазынаның қаражаты қадағалануы қажет

7.07.2012, 18:00 167


Облысымызға республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев жұмыс сапарымен келіп қайтты, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Іссапар мақсаты – Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссия-сына әдістемелік көмек көрсету.

Комиссия қызметкерлерімен болған кездесуге облыс Әкімінің бірінші орынбасары Серік Әбденов және облыстық мәслихат хатшысы Григорий Пинчук қатысты. Серік Әбденов аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Омархан Өксікбаев Есеп комитеті мен тексеру комиссиясының 2011 жылы атқарған жұмыс қорытындылары туралы айта келіп, мемлекеттік сыртқы қаржылық бақылау органдарының алдындағы міндеттерін атап өтті.

Сонымен қатар ол тексеру комис-сиясының қызметкерлеріне қорытын-ды тексерулердің кешенді түрде өткізілуінің өзектілігін атап көрсетті. Әсіресе, «Елдің индустриялды-инновациялық дамуы», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту –2020» «Ақ бұлақ» «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» сияқты бағдарламалардың аясында атқарылатын жұмыстарға бөлінген бюджет қаржысы айрықша бақылауда болуы қажет.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив