KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

RADIO ALTAY жаңалықтары - 10 шілде 2012 жыл

9.07.2012, 18:00 80


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскемен қаласындағы орталық мешітті салу жұмыстары тездетілген қарқынмен жүргізіліп жатқандығы белгілі. Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы бірқатар мемлекеттік қызметшілерінен құрылған топ облыс орталығына келіп, мешітті салуға қатысты. Олар құрылыс материалдарын тиеуге, қоқысты жинауға, баспалдақты цементпен құю жұмыстарына көмектесті.

Шығыс Қазақстан облысына республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев жұмыс сапарымен келіп қайтты. Іссапар мақсаты Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясына әдістемелік көмек көрсету болатын.

Бородулиха ауданының қаржы бөлімі аудан мекемелеріндегі бас және қарапайым бухгалтерлерді оқытуды ұйымдастырды. Семинар соңында 80 маман дистанциялық тестілеуді сәтті тапсырып, сертификат алды.

Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы -«Уба» шипажайының екінші корпусының құрылысы аяқталды. Енді шипажайда ем қабылдаушылардың саны екі есеге дейін өсетін болады.

Абай ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Әлеуметтік нысанды салуға облыстық бюджеттен 130 миллион теңгеден артық қаражат бөлінген болатын. Ғимараттың жалпы аумағы 871 шаршы метрді құрайды. Мұнда бір мезетте әр түрлі спорт түрімен 25 адам жаттыға алады әрі санитарлық талаптарға сай жуынып-шайынатын бөлмелері, құрал-жабдықтары бар.

Жарма ауданындағы «Сұлуым» халықтық-эстрадалық қыздар тобы «Арасан» сауықтыру орталығына барып, демалушыларға концерт қойып қайтты. Сондай-ақ әншілер Астана, Алматы, Семей қалаларымен қоса, Абай, Көкпекті аудандарына келіп, тұрғындар алдында қазақи нақыштығы әндерді орындады.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив