KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Өскеменде 15 лифт орнатылды

24.06.2012, 18:00 197


Өскеменде қаланың лифт шаруашылығын қайта жандандыру жөнінде бағдарлама әзірленді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Қаладағы көпқабатты биік үйлерде 518 лифт бар. Соның елуге жуығы тозып, істен шыққан. Тағы осыншамасының жұмысын тоқтататын мерзімі таяп-ақ тұр. Әр лифт өзінің белгіленген мерзімдік қызметін өтеген соң жаңасына ауыстырылуы тиіс. Ал бір жаңа көтергіш қондырғыны сатып алып, монтаждап орнатып іске қосу үшін сегіз миллион теңге мөлшерінде қаржы қажет.

Биыл Өскемен қаласында жаңа 15 лифт орнатылады. Осы мақсатқа бюджеттен 117 миллион теңге жұмсалады.

2010 жылы Өскеменге алғаш рет лифтілер жеткізіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің жаңартылған 17 лифтісі қолданысқа берілді. Ал 2011 жылы тағы жеті лифт ауыстырылды. Енді тағы жүздеген көпқабатты үйдің осындай қондырғыларын жаңалау керек. Соңғы рет орнатылған лифтілердің өзіне отыз бес жылдан астам уақыт өткен. Ауыстырылатын лифтілер саны жыл сайын өсіп отыр.

«Өскеменпромлифт» жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігі лифт жасап шығаратын зауытты салу жобасымен айналысуда.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив