KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстандағы «Ақсай-нан» ЖШС қажетті мамандарды өздері даярлайды

17.03.2013, 18:00 138


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев пен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков Өскемендегі «Ақсай-нан» зауытында болып, кәсіпорынның ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқосу «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының жобалары іске асырылып жатқан нысандарда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы аясында өткізілді. Шара мақсаты –
индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асырушы еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, өндірістік нысандарға мониторинг жүргізу, оларда туындаған қандайда бір мәселелерді халық, партия және билік арасындағы іс-қимыл бірлігі арқылы дер шағында шешу. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама бойынша нан комбинаты 2011 жылдан бастап «Әлеуметтік нан пісіруге қажет өндірістік құрал-жабдықтарды жаңғырту» жобасын қолға алған-ды. Сол кезден бастап цехтарда жаңа қондырғылар мен заманауи пештер орнатыла бастады.

Ермек Көшербаев пен Түсіпхан Түсіпбеков алдымен наубайхана цехында болып, өндіріс барысымен танысты, бұдан соң кәсіпорын жұмысшыларымен жүздесті. Жиын кезінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығы-ның орынбасары Мағаша Сайдуақасова еңбеккерлерді қызықтырған барлық сауалдарға жауап берді.

– Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы басталғалы бері өңірімізде қанша өндірістік нысан іске қосылды?

– «Индустрияландыру картасына» барлығы 43 жоба енген болатын. 2010 жылдан бастап аймақта 195 миллиард теңгенің 29 жобасы іске қосылды. Олардың ішінде «Қазцинктегі» мыс балқыту зауыты, «ТМК-дағы» титан құймаларының өндірісі, «Востокмашзауыттағы» шойын құю цехы, Жарма ауданындағы «Қазақцемент» кәсіпорны, арматура зауытындағы және «Ақсай-нан» комбинатындағы цехтарды жаңғырту сынды жобалар бар. Осы бағдарламаың арқасында екі жылда бес мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

– Осы бағдарлама шеңберінде мемлекет қандай қолдау шараларын көрсетеді?
– Бұл ретте қолдаудың бірнеше жолдары бар, олар – «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Өнімділік-2020», «Экспортер-2020», «Инвестор-2020» бағдарламалары. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» бо-йынша несиені субсидиялау, маман даярлау, инфрақұрылым салу бағытында көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, индустриялды-инновациялық бағдарламаның қатысушыларына жер телімдері және жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі.

– «Индустрияландыру картасы» бағдарламасына қатысу үшін не істеу қажет?
– Алдымен облыс әкімдігіне өтінім беру керек, ол үйлесті-ру кеңесінде жан-жақты қарастырылады. Егер сіз қолға алмақ өндіріс тиімсіз болса немесе дәл сондай өнім шығаратын кәсіпорын жақын маңда жұмыс істеп тұрса, жобаңыз қабылданбайды. Мақұлданған жобалар бойынша ең соңғы шешімді мемлекеттік комиссия шығарады.

– Алдағы екі-үш жылда облысымызда қандай жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр?
– 2015 жылға дейін Өскеменде автомобиль жасайтын және титан слябін шығаратын зауыттар, Аягөз ауданында «Ақтоғай», ал Жарма ауданында «Бақыршық» тау-кен байыту комбинаттары салынады.

– Біздегі оқу орындары неге қамыр илеуші мамандарын даярламайды? Наубайханаларға осы мамандық иелері аса қажет.
– Сіздер «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысып, өздеріңізге қажет мамандарды кәсіпорын ішінде оқытып отырсыздар. Ал колледждер болса, тек наубайшылар мен кондитерлерді ғана даярлап шығарады. Себебі, қамыр илеуші мамандығы Білім министрлігінің тізімінде жоқ. Біз білім басқармасымен бірлесе отырып, осы мәселеге қатысты министрлікке хат жолдаған болатынбыз, бірақ әзірше жауап келмей жатыр. Аталмыш мәселені шешудің, меніңше, бір ғана жолы бар, ол –өздеріңізге қажетті мамандарды кәсіпорында даярлау.

– Мұнымен қоса, облысымызда кадр даярлаудың дуальді жүйесі қолға алынған. Кәсіпорын білім беру басқармасымен және арнаулы оқу орнымен кадр даярлау жөнінде келісім жасайды. Оқыту ақысының жартысын кәсіпорын, жартысын мемлекет төлейді. Бұл – өте тиімді шешім. Ал тамақ өнеркәсібінің мамандарына сұраныс әрқашан жоғары бола бермек, – деді осы орайда облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив