KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалар компьютерлік сауаттылықтарын күшейтуде

17.06.2012, 18:00 114


Тұрмысы төмен отбасыларды, мүгедектер мен зейнеткерлерді қорғау жөніндегі «Қамқорлық» қоғамдық қоры «Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» ұйымдастыруымен Алматыда өткен әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

«Мен және компьютер» деген жобасымен жеңіске жеткен аталмыш қор 897 500 теңгенің демеушілік көмегіне ие болды. Бүгінгі заман талабына сай білімді, салауатты, өз өмірін еркін басқара алатын және басқаларға қол ұшын бере білетін жастарды тәрбиелеу және олардың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және патриоттық, жанашырлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі балалары мен жастарына арнап «Компьютерлік білім мектебі» кабинеті ашылған. Қазір онда толықтай жабдықталған 4 компьютер бар. Сол арқылы жастарымыз компьютерлік білімдерін арттырып, ғаламтордағы мәліметтер арқылы басқа өңірлердегі құрбыластарымен танысып, тіл табысып, жаһан жаңалықтарымен сусындауға мүмкіндік алады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив