KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
471.83 505.66 5.4

Әжесіне қонаққа келген сәби өрт кезінде жарақатанды

7.06.2012, 18:00 165


Дәрігерлер Риддер қаласында болған өрт кезінде жарақаттанған 3 жасар баланың жағдайын ауыр деп бағалауда, деп хабарлады ТЖ департаменті.

Риддер қаласында әжесі жанып жатқан үйден немересін алып шыққан.

Сәбидің оң жақ иығы, сол бұғанасы, сол тізесі күйген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін баланың әжесі жедел-жәрдем көмегін шақыртып, сәбиді ауруханаға жеткізген. Сәбиге иіс тиіп үлгерген.

4-ші өрт сөндіру бөлімшесінің 3-ші қарауыл басшысы Александр Нехорошевтың сөзіне қарағанда, бөлмеде «Жоғары температура салдарынан пластикалық терезелер балқып, жиһаздар жанып кеткен».

ТЖД атап өткендей, сапасыз фильтр жүйесінің тұтануы өрттің себебі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта болжамдар бойынша тексеру амалдары жүргізіледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, сәби Ресей елінің азаматы, ол әжесіне қонаққа келген.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив