KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Өрт сөндірушілер жалын арасынан 3 газ баллонын алып шығып үлгерді

3.06.2012, 18:00 200


Өскеменде қатарынан 3 отбасы баспанасыз қалды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрт кезінде газ баллондарының бірі атылды, дегемен өрт сөндірушілер 3 газ баллонын алып шығып үлгерді. Үй толығымен жанып кетті.


«№6 өрт сөндіру бөлім басшысының орынбасары Рауан Әбікеновтің басқаруымен Дәулет Телтаев, Дамир Құмаров, Ақылбек Бабақов, Сергей Конуржевский және Олег Дмитриевтің шұғыл әрекет етуінің арқасында жанып жатқан үйден баллондар шығарылды. Барлық баллондар жарылғанда адам шығыны болар еді», - дейді қалалық Төтенше жағдай басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив