KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Глубокое ауданының өрт сөндірушілері 2 газ баллонының жарылуының алдын алды

17.01.2018, 07:08 116

Өрт Березовка ауылының Подгорная көшесінде түнгі сағат 2 шамасында болған.


Байланыстың үздіксіз үзілуіне байланысты өрт сөндіру қызметіне жарты сағаттан кейін ғана хабарласқан. Төтенше жағдай қызметкерлері келгенше қызыл жалын уйдін төбесіне жеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері газ баллондарының барын біліп бірден жанып жатқан уйге кірген. Алайда жалын  жарылғыш затқа жете қоймаған. Баллондар қауіпсіз аралыққа көшірілді. Содан кейін өртті толығымен өшірді.


Оқыс жағдайдың барлық аумағы 80 шаршы метрді құрайды. Кінәлі адам мен шығын анықталуда. Өртті сөндіруге 2 техника мен өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив