KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Диккенсті дәріптеген кеш

21.02.2012, 18:00 133


Семейдегі Абай атындағы кітапхана М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенттері-мен бірлесіп жазушы Чарльз Диккенстің туғанына 200 жыл толу мерейтойына орай әдеби кеш өткізді.

Онда студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында дайындалған слайдтарды тамашалады, «Жылдам тап» ойынына қатысты. Кеш барысында Ч.Диккенстің өмірі мен шығармашылығы хақында жан-жақты мағлұмат берілді, афоризм-дерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мәселен, кітапхананың сирек қорында сақталған сонау XIX ғасырдың басында Петербор қаласында, 1949, 1952 жылдары Мәскеуде жарық көрген құнды кітаптар оқырмандардың қызығушылығын туғызды. Әдеби кеште белсенділік танытқан жастар арнайы сыйлықтарға ие болды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив