KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

RADIO ALTAY жаңалықтары - 22 мамыр 2012 жыл

21.05.2012, 18:00 111


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскемендегі «Алтай» технологиялық паркінде орналасқан тау-кен-металлургия құрал-жабдықтары конструкторлық бюросының инженерлері еліміздің кеніштерінде қолданылып келе жатқан ескі бұрғылау қондырғыларын қазіргі заманға сай етіп шығарудың технологиялық жобаларын жасауға кірісті. Бұрғылау қондырғылары жағдай болып жатса, «Востокмашзавод» акционерлік қоғамында өндірілмек.

Шемонайха қаласындағы апаттық жағдайда тұрған жалғыз қазақ мектебінде сабақ тоқтатылды. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен құрылған комиссия Шемонайха қаласындағы №5 мектеп ғимаратының апаттық жағдайда тұрғанын және пайдалануға келмейтінін анықтады. 1965 жылы салынған мектепке бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Ұлан ауданы Айыртау ауылында бизнес пен Үкімет серіктестігінің арқасында қолданысқа берілген «Балдәурен» жекеменшік балабақшасы ашылды Жеке кәсіпкер Сұлухан Ағзамова оны іске қосуға 40 млн. теңге жұмсаған. Балабақшада 75 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен, 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Бородулиха ауданында «Өз ағашыңды отырғыз» экологиялық акциясы өтті. Акция аясында жергілікті тұрғындарға жабық тамырлы жүйемен қарағай көшеттерін өсіру тәсілдері түсіндірілді. Енді ниет білдіргендерге қарағай тұқымы бар конверттер, арнайы топырақ пен ыдысы қайтарымсыз таратылады.

Катонқарағай ауданында 16 оқушы «Алтын белгіден» үміткер. 10 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болады деп күтілуде. Аудан әкімі үздік оқушылармен кездесті. Одан соң «Ұрпақтар сабақтастығы» аллеясында түлектер мен ардагер ұстаздар қайың өскіндерін отырғызды.

Бородулиха ауданының Қызылауыл елді мекеніндегі «Қазпошта» байланыс бөлімінің бұрынғы басшысы Валентина Паль мүлкінің тәркіленуімен 5 жылға сотталды. Жалпы алғанда әйел қарапайым адамдардан 1 миллион теңге жымқырған.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Шығыс Қазақстан облысында қоян өсіру ісі қолға алына бастады. Ең ірі қоян шаруашылығы Бородулиха ауданында орналасқан. Мұндағы қожалықта бүгінде 1 мыңға жуық қоян бар. Ең бастысы, қоян тез көбейеді. Өткен қыста мұнда 300 бас қоян сойылып, етінің 1 келісі дүкендерде 1000 теңгеден сатылған.

Қытайдан Ресейге 5 млн теңгенің тауарын заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды. Шекарада рәсімделмеген жүк көлігі Майқапшағай кеден бекетінде тоқтатылған. Жалпы бұл тауар үшін ол 2 млн теңгеден астам кедендік төлем жасауға тиіс екен.

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы «Келімсек-2012» жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Ұлан ауданының Қайсенов кентінде елімізге заңсыз келген Өзбекстан тұрғындарын анықтады. 7 мигрант орта мектептің құрылысында жұмыс істеген. Жұмыс беруші мен ұсталған мигранттар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Семейлік түлектерге мектеп бітіру кешін ұлан-асыр тойға айналдыруға тыйым салынды. Ал түлектер қалалық білім бөлімінің барлық мектептерге ортақ бітіру кешін өткізу жайлы шешіміне наразылық білдіруде. Осыған орай қарсылық білдірген мектеп түлектері ата-аналарымен бірге қала мектептерінің бірінің алдына жиналып, шағын митинг өткізді.

Аягөздегі «Нұржар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрланбек Тоқтабаев-алдына көмек сұрап келген жандарға барынша қол ұшын беруге дайын тұратын азамат Қаладағы мүгедектер қоғамында 500-ге тарта жан бар. Олардың отыратын орындарының жылы болуына назар аударған кәсіпкер биыл да көмірмен қамтамасыз етті.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұстаздары мен студенттері Күршім ауданында «Университет күнін» өткізді. Осы ауданнан барған 52 студенттің ата-аналарына университет ректоры Мейір Ескендіровтың Алғыс хаттарын тапсырды. Одан соң өскемендіктер Күршім гимназиясына барып, онда байқау тест тапсырып жатқан орта мектептердің оқушыларымен кездесті.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив