KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Университетте зиялылар клубы ашылды

9.04.2012, 18:00 141


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Абай арманы» атты зиялылар клубы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Клубтың басты мақсаты – Семей жері, Алаштың астанасы, ұлылар мекеніндегі бүгінгі рухани-мәдени тіректердің діңгегін бекіту, өзекті қоғамдық мәселелерді талқылау, тарихи-әдеби мұраларды насихаттау, ең бастысы Абай армандаған ойларға жету жолында қазіргі жастардың сана-сезіміне үлкен рухани жігер беру болып табылады.

Алғашқы отырысты «Ұлттық ойлау жүйесі: қалыптасуы және даму жолдары» тақырыбындағы баяндамамен университет ректоры Шәріпбек Әмірбеков ашты.

Клуб мәжілісіне құрметке бөленген елағалары-ақсақалдар, қоғам қайраткерлері, танымал жазушылар, мерзімді баспасөздің майталман журналистері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Әр отырыс барысында келер мәжілістің тақырыптары белгіленіп, уақыты жарияланып отырады. Келер отырыс мамыр айының ортасы шамасында, алдынала БАҚ арқылы хабарланатындығын ескерткен белгілі ғалым Арап Еспенбетов, клуб мәжілісіндегі тақырыптар аясы кең, ерікті түрде келушілерге әрқашан есік ашық екенін айта келіп, қоғамдық пікірлерді тоғыстыру үшін анкеталық сұрауларды жүргізуді мақсат етіп отырмыз деп түйіндеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив