KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Табиғатты қорғау - баршаның міндеті

9.05.2012, 18:00 145


Үржардағы орталық мәдени саябақта орман шаруашылығы мен аудандық білім бөлімі бір-лесе ұйымдастырған «Саябақтар шеруі - 2012» акциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оған Крупская, Абай, Горький, Жансүгір, Науалы орта мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. Шараның салтанатты ашылуында Үржар орман шаруашылығының бастығы, мемлекеттік инспектор Ережеп Темешов сөз алып, табиғатты қорғау, оны көздің қарашығындай сақтау баршаның ісі екенін айтып, қоршаған ортаны қорғауда қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жайында баяндады.

Акция оқушылар қойған «Жасыл ел – жасыл жер», «Табиғат аясында» атты көріністерге ұласты. Крупская мектебінің 11-сынып оқушысы Айнара Қасымбай ауданның экологиялық проблемалары туралы баяндаса, Науалы мектебінің оқушылары «Ауылым – алтын бесігім» әнін орындап, көрермендерді өнерлерімен сусындатты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив