KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Саябақтар шеруі өтті

3.05.2012, 18:00 136


Аягөз ауданының орталығында «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық» тақырыбында «Саябақтар шеруі-2012» акциясы болып өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оған Аягөз орман шаруашылығының орманшылары, №3 орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шара барысында «Тау-дала» филиалының Аягөз орманшылығы орманшысының көмекшісі Аманғазы Серіков, орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы Мырзағажы Самалов, қалалық №3 орта мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мәдина Тұмарбаева акцияның мақсатымен таныстырып, жасөспірімдерді табиғатты қорғауға, аялауға шақырды.
Жиын соңында табиғатты қорғауға, жеріміздегі аң-құстарды сақтауға, оларды аялауға арналған оқушылардың әдеби-сазды қойылымы көрсетіліп, мектеп ауласына көшеттер отырғызылды.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив