KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Халықаралық Жер күні аталып өтті

23.04.2018, 08:08 207

Халықаралық Жер күні (Earth Day) 2009 жылдан бастап 22 сәуір болып  БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау акциясы аясында  соңғы үш жылда бұл күнді Ақжайлау негізгі орта мектебінде өткізуде. Бұл күні  оқушылар концерттік бағдарламаларын ұсынып,  және Төсқайың округі бойынша командалар спорттық сайыстарға белсене қатысты.


- Жарыстарға Ақжайлау негізгі орта мектебі, Ақжайлау ауылы, Марқакөл орман шаруашылығы, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы командалары қатысты. Шахматтан 1-орынды Ақжайлау орта мектебінің оқушысы Циммер Анжар иеленді, шашкиден 1-орынды үлкендер арасынан Ақжайлау ауылының тұрғыны Ермек Олчекенов жеңіп алса, арқан тартудан Марқақөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мықтылықтарын көрсетіп жеңімпаз танылды. Волейболдан биылғы жылы екінші рет кубокты Марқакөл орман шаруашылығының қызметкерлері иеленіп, тұғырдың төрінен көрінді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив