KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Студенттер жұлдыздардың "мүгедек" мәтіндерін талдады

7.05.2012, 18:00 121


Шығыстың іргелі оқу ордасы - ШҚМУ-да жаңа заманға сай ерекше сабақ болып өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл дәстүрден тыс сабақты жүргізуге арқау болған - профессор, филология ғылымының кандидаты Фарзана Ахметжанова мен 2 "а" тобының студенттері. Сабақ барысында қазіргі қазақ эстрадасында жастардың жүрегін жаулап, сезімін тербеген біраз ән мәтіндеріне талдау жасалды. Болашақ филологтардың айтуынша, кейбір мәтіндердің мақсатсыз мағынасын айтпағанда, әдеби теориялық тұрғыдан мүлдем бунақ-бунақ, ұйқасы жағынан да ақсап жатқаны байқалады. Мәселен, "Денар" тобының орындауындағы "Қара көйлек" әнінің бөтен сөзбен былғанғанын былай қойғанда, ұйып жатқан ұйқасы да, үйлесімді идеясы да жоқ. Шетел музыкасына тарылтып сөз жазылған ән екені көрініп тұр. Мәтінге назар аударайық:

"Маған ғашық болған қыздар ешқашан болмайды қапа,
Ал мендей жақсы жігітті ұнатпаған қызға айтамын,
Сүймесе проблема қанша, қош бол, бақытты бол, жаным".

Бұл мәтіннен көкейге қонарлықтай не ұқтыңыз?.. Сонымен қатар Бүркіт пен Аишаның "Туған жер", Алмас Кішкенбаевтың "Сағынамын", басқа да жұлдыздардың ән мәтіндері талданды.

Тіл мәдениеті мен эстетикалық талғампаздықты тануға, тәрбиелеугежаңашыл сабақтың ғибраты мол болды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив