KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Шығыс Қазақстанда кене шаққандар саны көбейіп кетті

2.05.2012, 18:00 207


Шығыс Қазақстан облысында кенеден зардап шеккендер саны күрт артып кетті. Бар болғаны бір айдың ішінде кеселді жәндік 800-ге жуық адамды шағып үлгеріпті. Санитар мамандар: «егер осындай жағдай жалғаса берсе, облысқа бөлінген вакцина мерзімінен бұрын таусылуы мүмкін»- дейді.

Қауіпті жәндіктер алыс аудандарды қойып Өскеменннің өзінде қаптап кеткен. Эпидемиологтар қаладағы ауруханалардың барлығына кене энцефалитіне қарсы егу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Дәрігерлер болса, кеселді жәндік шаққан тұрғындар саны таң атқаннан кеш батқанша үзілмейді -деп отыр. Абырой болғанда әзірге кене энцефалитін жұқтырғандар тіркелмеген. Дегенмен мамандар тұрғындардың табиғатқа шыққанда сақ жүрулерін ескертеді.

Мәлiметтiң көзi: ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив