KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Екі аяқпен жүретін торай

2.05.2012, 18:00 104


Қытайдың Аньхой провинциясында алдыңғы екі аяғымен жүретін торай өмір сүріп жатыр. Дүниеге артқы аяқтарынсыз келген торайдың қожайындары дұрыс адамдар болып, оның бағы жанды.

Үй иесі Гэ Синпинг оны алғашқы аптадан-ақ екі аяқпен жүруге баулыса керек. Сөйтіп, арада бірер ай өткенде бейкүнә мүгедек-торай алдымен үй ауласында, содан соң көшеде еркін жүріп, көрген елдің жағасын ұстатқан.
«Аюға намаз үйреткен – таяқ» демекші, басқа түскенге мойынсұнбау тек адамға ғана емес, төрт аяқтыларға да тән екенін дәлелдеген мұндай жағдай Қытайда 2010 жылы да тіркелген болатын. Бірақ ол торай емес, аналық шошқа еді.
Айналасындағылардың түгелін таң-тамашаға қарық қылған торай қазір үлкен-кіші аньхойлықтармен бірге жүреді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив