KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

6 мың долларға мысыққа протез салынды

6.05.2012, 18:00 163


Анау-мынау мәшине емес, комбайнның астына түсіп, нешеме күн ветеринарлық клиникада ес-түссіз жатқан Оскар атты мысық аяғында артқы екі аяғынан айырылып, бірақ оянды.

Адамнан гөрі төрт аяқтыларды жақсы көретін британдық ерлі-зайыпты Майк пен Кейт Ноландар осыдан кейін-ақ бәрін жиып қойып, «сүйіктілерін» екі аяқпен болса да, жүргізуге тырысып бақты. Сөйтіп, олар көп сұрастыру нәтижесінде елдің Сюррей графтығынан Ноэл Фитцпатрик атты нейроортопед-дәрігерді тауып, Оскарды алып барған-ды. Арада алты ай өткенде Годалминг қалашығындағы меншік клиникада Оскарға биомеханика саласындағы ерекше операция жасалды және ол өте сәтті болып отыр. 6 сағатқа созылған ота үшін Ноландар бақандай 6 мың доллар төлеген көрінеді.

Ең бастысы, «өліп-тірілген» Оскар қазірде темір аяқтарына әбден үйренген, дамылсыз жүгіріп, қожайындарының «көз қуанышы» болып жүр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив