KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Қытайда ит бояу сәнге айналған

24.04.2012, 18:00 193


«Атың шықпаса, жер өрте» демекші, Қытай елі соңғы кезде үйде ұстайтын ит пен мысықтарын сәндеуге кірісті. Осы тұрғыда елдің ірі қалаларында жануарларды бояйтын салондар ашылып, жақында, тіпті, Бейжіңде түрлі-түсті иттердің көрмесі де болып өткен.

Алайда, қасына ертіп жүретін алабажақ иттері мен баласынан артық аймалап, құшақтап жүретін мысықтар көптеген адамдардың, әсіресе, ветеринарлардың наразылығын тудырып отыр. Ветеринарлар үй жануарларын бұлайша әлем-жәлем түске бояу олардың денсаулығына, атап айтқанда, төрт аяқтылардың психологиялық жағынан да жарақат алуына әкеліп соғатынын айтады.
Дегенмен, барлығы мен байлығын паш етуге құмар жандар әзірге мұндай ескертпелерді құлаққа ілмей отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив