KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Студенттер қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяға барады

1.05.2012, 18:00 131


Жақында Шығыс Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының барысында Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухён С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болды.

Оңтүстік Корея дипломаты ЖОО-ның ректоры Мейір Ескендіровпен, студенттермен және оқытушылармен кездесті.

Елшінің сапары студенттермен алмасу, академиялық ынтымақтастық бойынша меморандумдар пакетіне қол қойылып жатқан күнмен сәйкес келді. Атап айтқанда, қос дипломды білім беру бойынша Кореяның жетекші оқу орны - Джионгсанг ұлттық университетімен қол қойылды.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ШҚМУ-дің бес студенті студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореядағы ірі ұлттық ғылыми университет қабырғасында білім ала бастайды. Ал Джионгсанг университетінің 10 студенті қазақ және орыс тілдерін үйрену үшін Өскеменге келеді.

Алдағы жылдан бастап «Бакалавриат 2+2» қос дипломды білім беру бағдарламасы жұмыс істейтін болады. Оқу аяқталғанда оның қатысушылары отандық және кореялық ЖОО-ның дипломдарын алады.

Студенттермен болған кездесуде Пэк Чухён мырза жиналғандарды кореялық және қазақстандық университеттер арасында табысты жүзеге асырылып жатқан ынтымақтастыққа жеке қолдауын беретініне сендірді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив