KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Көзге операция тегін жасала ма?

26.04.2012, 18:00 262


– Көзімді шел басып келеді, соған операция жасатайын деп едім. Бір замандасым дәл осындай операция жасатқан болатын. Ол зейнеткер болса да ақылы түрде емделді. Сұрайын дегенім, көздегі шелді алып тастаудың құны қанша, тегін ота жасала ма? Зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер бар? Мұқадес Тұрсынханов, Өскемен.

Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқарамасы бастығының орынбасары С.Попов жауап береді:

– Ел Үкіметінің 2009 жылғы 15-желтоқсандағы «Тегін медици-налық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес көзді шел басу ауруына операция тегін жасалады. Әр дүйсенбі сағат 16.00-17.00-де Шығыс Қазақстан облыс-тық ауруханасында облыстың штаттан тыс бас офтальмологы Т.Тортаев 237-бөлмеде қабылдау жүргізеді (Әуезов даңғылы, 26). Мұқадес Тұрсынхановтың облыстың штаттан тыс бас офтальмологынан қосымша кеңес алуына болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив