KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Тегін дәрілер неге ерте таусылып қалады?

14.01.2018, 03:00 169


– Мен көп жылдардан бері гипертониямен (қан қысымының көтерілуі) ауырамын. Маған қажетті дәрілер тегін берілуі тиіс, бұрыннан тегін алып келгенмін. Алайда,  2017 жылдың соңында «Физиотенз» деген дәріні екі ай, «Еголок» деген дәріні 1 ай бойы алған жоқпын. Бұлар тегін рецепте жоқ, неліктен. Тек қана сатып алуға тура келеді, бағасы өте қымбат? Тегін дәрілер неге ерте таусылып қалды?

Тоқтархан Тұғылбаев


Өскемен.


Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан жауап береді:


– 2017 жылғы кепілдік берілген тегін медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру аяқталды. Сондықтан қазіргі уақытта тегін дәрілік заттарды босату тоқтатылды.


Науқастарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету 2018 жылы диспансерлік науқастардың тұрғылықты бекітілген емханасы арқылы қайта жаңартылатын болады.


Дәрілік заттарды жеткізу «СК-Фармация» ЖШС бірегей дистрибьюторы арқылы іске асырылады (сауалға жауап 2017 жылғы 20 желтоқсанда берілген).


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив