KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Сәбилердің тегін құрғақ сүті неге жоғалып кетті?

23.12.2017, 12:24 187


– Мен жеті айлық қызыма ай сайын рецепт бойынша «Симилак 2» құрғақ сүтінің сегіз қорабын Өскемендегі «Медик» дәріханаларынан тегін алып тұрамын. Соңғы рет құрғақ сүтті рецепт арқылы қазан айында алдым, бірақ қараша айында қаладағы екі дәріханада да тегін берілетін осы құрғақ сүттер жоқ болып шықты. Алайда сатылымда тұр. Бағасы – 1770 теңге шамасында. Сүттің қашан болатынын ондағы қызметкерлер білмейді. Тегін берілетін құрғақ сүт неліктен кешіктіріліп жатыр?

Әлия Зүлкәрамқызы

Өскемен.


Сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова жауап береді:


– Науқастарды кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемі аясында неғұрлым толық қамтамасыз ету және облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлдіру мәселесі бойынша өзіміздің құзырымыз шегінде тиісті шаралар қабылдануда.


Облыстың дәріханалық желісінде балалардың құрғақ қоспасымен қамтамасыз етудегі кідіріс аталған тағамды беретін фирма тұрғындарды қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы шығарудан бас тартып отырғандығымен түсіндіріледі. Алайда, бұған қарамастан, балаларды қажетті қоспалармен тегін қамтамасыз ету үшін облыстың денсаулық сақтау ұйымдары арқылы «Биолакт» балалар тағамы жазылып берілетінін хабарлаймыз. Оны беретін мекеме Өскемен қаласы, Протозанов көшесі,1 мекенжайында орналасқан.


Дәрілік заттардың бар немесе жоқ екендігі туралы ақпараттар тұрғындарға облыстық денсаулық сақтау басқармасына 52-32-15, 52-32-18 телефондары арқылы хабарласқанда, хабарланып отыратын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив