KZ
Өскемен
+18°
дождь жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

36 жастағы қазақстандық әйел Біріккен Араб Әмірліктерінде миллион ұтып алды

25.04.2012, 18:00 105


36 жастағы қазақстандық Ботагөз Әлжанова Біріккен Араб Әмірліктерінде Дубайдың банкімен ұйымдастырылған ұтыс ойынында миллион дирхам ( бұл шамамен 272 мың доллар) ұтып алды.

Ботагөз Әлжанованың Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып келе жатқанына 8 жыл болды, Шарджеде компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Бір апта бұрын тұрмысқа шыққан әйелдің қуанышында шек жоқ. - Бұл менің өмірімдегі ерекше сәт, - деді ол. Әлжанова өзінің ақшалай ұтысын 2 бөлікке бөліп алуға шешім қабылдады, бір бөлігін бұрынан бері армандап жүрген Австралия мемлекетіне саяхаттауға, яғни бал айына жұмсаса, екінші бөлігін созылмалы аурулармен ауыратын қазақстандық балалардың емделуіне, қайырымдылыққа бағыттамақ.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив