KZ
Өскемен
+15°
дождь жел 4 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Зейнеткер лотереядан 336 млн-нан астам доллар ұтып алды

6.03.2012, 18:00 101


Американың Ньюпорт (Род-Айленд штаты) қаласының тұрғыны 81 жастағы Луиз Уайт АҚШ-та Powerball лотереясынан 336,4 млн доллар ұтып алды.

Лотереяны ұйымдастырушылардың мәліметіне қарағанда, Уайт ел тарихындағы ең ірі джекпоттардың бірін иемденген.

Америкалықтың сөзіне қарағанда, ол ұтыс шыққан билетті жергілікті азық-түлік дүкенінен сатып алыпты.

«Мен бұл жеңісімді мақтан тұтамын. Бұл менің отбасымды бақытты етеді», - деп атап өтті ол. Уайт ақшаны бөлшектеп емес, тұтастай алуға шешім қабылдады. Салық төленгеннен кейін ол 210 млн долларды санап алады.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив