KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Қазақстандық «Студент» фильмі Канн фестивалінде көрсетіледі

23.04.2012, 18:00 92


Шәкен Айманов атындағы « Қазақфильм» киностудиясында түсірілген режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі 16 мен 27 мамыр аралығында Зеңгір жағалауда өтетін 65-ші Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» («Un Certain Regard») конкурстық бағдарламасына іріктелді, деп хабарлайды «Қазақфильм» баспасөз қызметі.

Ерекше көзқарас» бағдарламасы бойынша «Студентке» Хулио Медем, Гаспар Ноэ және Ксавье Долан сынды майталмандардың туындылары бәсекелестік тудырады. Олардың арасынан ең үздігін биылғы жылғы «Ерекше көзқарас» қазылар алқасының төрағасы – танымал голливудтік актер Тим Рот таңдайтын болады.

Дәрежан Өмірбаев осымен үшінші рет Канн фестиваліне қатысқалы жатыр. 1998 жылы оның «Киллер» фильмі осы «Ерекше көзқарас» бағдарламасы бойынша арнайы жүлдеге ие болғаны есімізде. Ал 2001 жылы ол тағы осы бағдарлама бойынша «Жол» картинасымен қатысты. Режиссердің «Студент» атты жаңа лентасы Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» шығармасының желісіне сүйеніп түсірілген.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив