KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" 10 кинотуындыны прокатқа шығармақ

2.03.2012, 18:00 196


15 наурызда Ерлан Сағыновтың "Болашақ үшін" деп аталатын тұңғыш фильмі көрермен назарына жол тартады.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, бұл олардың биылғы жылы проокатқа шығаратын 10 кинотуындысының алғашқысы болмақ. ҚР Президентінің және халықаралық "Болашақ" стипендиясы иегерінің бұл мелодрамасы шынайы өмірден алынған.

5 сәуірде оның қатарына Тоқтар Қарсақбаевтың мелодрамалық "Махаббат алтыбақаны", 26 сәуірде Ақан Сатаевтың "Жау жүрек 1000 бала" тарихи драмасы қосылмақ. Одан кейін 23 мамырда Ахат Ыбыраевтың алғашқы және қазақстандық балалар фэнтезиі жанрындағы тұңғыш фильмі "Аңыз кітабы: құпия орман" өмірге жолдама алады. Содан кейін балаларға арналған 2 фильм жарық көрмек. Алдымен 21маусымда Ерлан Нұрмұхамбетовтың "Аңшы бала", одан кейін 23 тамызда Әнуар Райбаевтың "Жеңіс қылышы" кішкентай көрермендерді қуантпақ. Содан кейін күздің алғашқы айында Асқар Ұзабаев пен Фархат Шәріповтің "Боксшы жолы" драмасы, қазанда Әмір Қарақұловтың "Витруалды махаббат" мелодрамасы, қарашада "Ер Төстік және Айдаһар" анимациялық фильмі жарыққа шығады. Одан кейін жыл соңына қарай экшн жанрындағы Марина Кунарованың "Елесті аулау" фильмі көрерменге ұсынылмақ.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив