KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

«Дарабоз оқырман» - кітап апталығы

19.04.2012, 18:00 177


Жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін балалар мен жасөспірімдер кітап апталығының ашылу салтанатына арналған мерекелік шара биыл «Дарабоз оқырман» деп аталды.

Балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға арналған бұл шарада үздік оқырмандарды марапаттаумен қатар талантты өрендердің өнерлері де танылады. Өскемендегі №16 мектептің 7 сынып оқушысы Жақиянов Алпыстың арнауымен ашылған мереке ажарын Балақай, Алладин, Қарақшы, Әлем, Әже сияқты кейіпкерлер аша түсті.

Оқушылар Балақаймен, Алладинмен бірге қызықты аралдарға сапар шегіп, құпиялы сырларына қанық болды. Қарақшы мен Әлемнің тапсырмаларын орындай келе білімдерін де көрсетті. «Әрі оқы, әрі үйрен» үйірмесінің биылғы жылғы жаңадан қатысып жүрген мүшелері - Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп – гимназиясының 2 сынып оқушыларының көрсеткен қойылымы да көпшілік көңілінен шықты.

Жыл бойы кітап оқудан өз қатарларынан оқ бойы озық көрінген үздіктерге әртүрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды. Әрине, мерекелік шараға өнерпаз өрендеріміз орындаған әсем ән мен күмбір күй әр беріп, қошеметке бөленді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив