KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Мемлекеттік Туды қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

17.04.2012, 18:00 199



Атырауда ҚР ҚК-нің 317-бабы (Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны немесе Әнұранды қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталмыш бап айыппұл салу немесе 1 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасын қарастырады.

Қылмыстық іс жергілікті «Ақ Жайық» газеті белгісіз жас азаматтардың еліміздің көк байрағымен қоқыс тасып жүрген фотосуреттерін жариялағаннан кейін қозғалды.

Суреттерді оқырмандардың бірі ұялы телефонына түсіріп алып, редакцияға жолдаған. Фотоларда көрініп тұрғандай, жастардың жүзінде еш алаңдаушылық байқалмайды. Бұл, өз қолдарында Қазақстанның Мемлекеттік Туы екендігін ойламаған гастарбайтерлер деген болжам жасауға негіз болды.

Дау-дамайдан кейін қылмыстық іс қозғауға мәжбүрлі болған облыстық ІІД-нің тергеушілері қазіргі уақытта суретте анық көрініп тұрған жас балаларды анықтауда, оларға Мемлекеттік Туды кім және қай жерде бергенін анықтау үстінде.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив