KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Жаңаөзенде жұмысшылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

10.03.2012, 18:00 101


Жаңаөзенде жұмысшылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін хабарланғандай, 8 наурыз күні таңертеңгі сағат сегізден кешкі сегізге дейін Жаңаөзеннен 70 шақырым қашықтықтағы «Болашақ» стансысынан 46 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы «АстанаСтройИмпекс» ЖШС-ның жұмысшылары. Оның 29-ы Қазақстанның, қалған 17-сі Өзбекстанның азаматтары. Тексеру кезінде мәлім болғандай, олардың барлығы қызмет орнындағы асханадан түскі ас ішкеннен кейін өздерін нашар сезініп, медициналық көмекке жүгінген.

Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлзайда Төлеуғалиеваның хабарлауынша, оқиға санитарлық талаптардың өрескел бұзылуынан болған. Жұмысшылардың жаппай улану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 267-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив