KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Алдына жан салмаған Арнай

15.04.2012, 18:00 174


Күйшілік өнердің қыр-сырын жастайынан жетік меңгеріп, бірер жылдың ішінде ауданымыз ғана емес, республикаға танылған жас өнерпаз, аудандық өнер мектебінің үздік оқушысы – Арнай Надырханов. Арнайдың атасы ертеде домбырадан бастап, қос ішекті аспаптардың барлығында ойнай білген өнерлі адам болған.

Биылғы ақпан айында жасөспірімдердің 46-шы республикалық байқауына облыстық іріктеу кезеңінде Бесқарағай ауданының Үлкен Владимировка орта мектебінің 5-сынып оқушысы Арнай Надырханов бас жүлдені иеленіп, республикаға жолдама алған болатын.

Бұл ел көлеміндегі байқауға ұстазы Е. Мотышевтің жетекшілігімен барған Арнай Алматыдағы оқушылар сарайының сахнасында өзінің сүйікті үш шығармасы: «Шығыс рапсодиясын», Сүгірдің «Наз қоңыры» мен Құрманғазының «Төремұратын» шебер орындап, ұзақ дайындалған байқаудан жеңіспен оралды.

Ол жүлделі 1-ші орынмен қатар Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балалар мектебіне емтихансыз қабылданғаны жөніндегі сертификатқа да ие болды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив