KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты өтеді

1.04.2012, 18:00 198



Венгрияның Секешфехервар қаласында 11-17 сәуір күндері шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өтеді.
Онда қазақстандықтар 1-дивизионда «В» тобында өнер көрсететін болады. Олар алғашқы ойынын Украина құрамасымен өткізеді. Одан кейін 12-сі -

Польша, 14-і - Австрия, 15-і - Венгрия, ал 17-сі күні Беларусь спортшыларымен шеберлік байқасады.

Василий Васильченко жаттықтыратын қазақстандықтар бұл дүбірлі додпа қарсаңында 3-4 сәуір күні Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін Словенияның Марибор қаласында өз дайындығын пысықтайтын болады. Сондай-ақ 7-8 сәуір күндері Словения құрамасымен жолдастық кездесу өткізбек.

Өскемендік бас бапкер В. Васильченков бұл жиынға 30 спортшыны шақырып отыр. Олар қақпашы - В. Севидов пен Н. Проходов; қорғаушы - М. Ибрайбеков, Р. Құрсақбаев, В. Игнатьев, Е. Евсеев, Д. Қайыров, В. Межебицкий, Ю. Сергиенко, И. Степаненко; шабуылшы - А. Баубеков, Н. Қабиев, А. Колпаков, А. Поляков, А. Калюжный, Г. Дроздов, К. Савицкий, А. Шестаков, С. Кошелев, В. Хохулев, И. Кинстлер мен Н. Михайлис.

Өткен жылы 11-17 сәуірде Латвияның Рига қаласында өткен Әлем чемпионатында олар «А» тобында өнер көрсетіп, үшінші орын алған болатын. Биыл келесі жылы «А» тобына қайта оралу үшін барлық күш-жігерін жұмсамақ.

http://inform.kz/kaz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив