KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Әлем чемпионатына үш жерлесіміз қатысады

29.11.2018, 11:29 136


26 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында Канадада өтетін хоккейден жастар арасындағы Әлем біріншілігіне өскемендік «Алтай» және «Алтай-Торпедо» командаларының үш ойыншысы қатыспақ.


Дәлірек атсақ, жаһандық додаға бүгінде «Алтай» сапында өнер көрсетіп жүрген қақпашы Владислав Нурек пен «Алтай-Торпедоның» ойыншылары – қорғаушы Ярослав Хрипков және шабуылшы Данил Третьяковский баратын болды.


Айта кетейік, ұлттық құрама 5-6 желтоқсан күндері Астана қаласында Әлем біріншілігі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Ал 28 желтоқсан күні отандастарымыз чемпионат аясындағы алғашқы ойынын ойнайды. Астана уақытымен сағат 9:30-да басталатын бұл кездесуде біздің хоккейшілер Финляндия құрамасымен күш сынасады.


Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың көктемінде жоғары дивизион командалары арасындағы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алған қазақстандық хоккейшілер жеребе нәтижесі бойынша В тобына түскен болатын. Аталмыш топта отандастарымыз Финляндия, АҚШ, Словакия және Швеция құрамаларына қарсылас атанбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив