KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, З
487.37 532.94 5.09

Варшавадан Прагаға бағыт алған ұшақ капитаны әуеде қайтыс болды

15.02.2012, 18:00 136


Варшавадан Прагаға ұшу кезінде Czech Airlines ("Чехия әуе жолдары") компаниясының ұшақ капитаны қайтыс болды.

РБК-ның хабарлауынша, экипаж диспетчерлерге ұшқыштың аяқ астынан жүрегі қысып, жағдайы нашарлағандығын айтқан. Әуе кемесін басқаруды екінші ұшқыш өзіне алып, кейін оның әуежайға қонуын жүзеге асырды.

Прага әуежайында бортты жедел-жәрдем күтіп алды, алайда дәрігерлерге оның көз жұмғандығын растау ғана қалған болатын, деп хабарланды Reuters агенттігі.

Осындай жағдай 2 жыл бұрын орын алған болатын. Филиппин астанасы Манила қаласынан Дохаға ұшып бара жатқан Qatar Airways әуе компаниясының экипаж капитаны әуеде көз жұмды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив