KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Өңірде он бір мектеп жаңадан салынып жатыр

29.03.2012, 18:00 211


Қазіргі таңда Үржар өлкесі үлкен құрылыс алаңына айналып, бұрын – сонды болмаған ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша біраз елдімекендерге су құбырлары тартылып, үйлерге су жеткізілуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы 252 миллион 193,0 мың теңге, оның ішінде 226 млн. 974,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 25 млн. 219,0 мың теңге облыстық бюджеттен бөлініп игерілді. Қарабұлақ ауылындағы су құбыры жаңартылып, іске қосылды. Бұрындары Науалы, басқа да елдімекендердің де су құбырлары қайта жаңғыртылып, ауыз суға осылайша жарып қалған болатан. Көктерек ауылындағы су құбырын жаңғырту жұмыстары да былтырғы жылы аяқталып, тұрғындар риза болып қалды.

Кейінгі бірнеше жылда өңіріміздің қаншама жылдар жөндеу көрмеген мектептері күрделі жөндеуден өтіп, қайсібір ауылдарда жаңадан мектептер салынып, ел ішінде, сапалы, ауқымда шаралардың жүріп жатқанына көздері үйреніп, көңілдері сүйсініп қалғандай. Құлашын жайған құрылыс жұмыстары 2010 жылы басталып, қазіргі кезде аяқталып та қалды. Оның алдында Қарақол, Келдімұрат, Бестерек орта мектептері пайдалануға берілген болатын.

2011 жылы апатты жағдайдағы 11 мектептің (¬Қабанбай, Жаңа Тілек, Жанай, Көктал, Егінсу, Қайыңды, Ер Қабанбай, Айтбай, Лайбұлақ, Қарабұйрат, Қарабұта) жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, аталған білім ошақтарының құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Осы 11 мектептің құрылысына 2011 жылы республикалық бюджеттен 243 млн. 266,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 1059065,0 мың теңге қаржы берілді. Бір жылдың ішінде осыншама мектептің құрылыс жүргізу аудан тарихында бұрындары болмаған оқиға.

2007 жылдан бері Алакөл жағалауында екі қабатты 8 және бір қабатты 3 демалыс үйлері, бір асхана ғимараттары іске қосылып, балалардың жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне жағдайлар жасалды.
«Жол картасы» бағдарламасы аясында 20900 мың теңге қаржы бөлініп, Мақаншы ауылында балалар саябағы жөнделді, аудан бюджеті есебінен Үржар ауылындағы демалыс саябағы жанынан көлемі 1950 шаршы метрді құрайтын балаларға арналған бассейн жасалып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орталық Тәуелсіздік алаңының жалпы көлемі 7600 шаршы метр жеріне плиталар төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күндері, облыстық бюджет есебінен, Үржар ауылына салынатын спорт модулінің құрылыс жұмыстарына 130 000 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив