KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Ауыз сумен толық қамтылады

1.09.2013, 18:00 219


Бородулиха ауданындағы Ивановка және Сосновка ауылдарын сумен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Әбден ескірген су жүйелерін жаңартуға республикалық және облыстық бюджеттен 77 млн. теңгеге жуық қаражат бөлініп, бұл күндері соның 70 пайыздан астамы игерілді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Березовка шипажайының су құбырлары жүйесін жаңартуға бағытталған шаруалар толығымен аяқталуға таяп қалды. Сонымен бірге, Зенковка және Зубаир ауылдарындағы су құбырларын қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Сондай-ақ, Михайличенково ауылындағы кентішілік су құбырын ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен бөлінген 36 млн. теңгенің 28 млн. теңгесі игерілді. Қазіргі кезде бұл жұмыстарды уақытында әрі сапалы
аяқтау бағытындағы тиісті шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив