KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Өскемен мен Барнаул – бауырлас қалалар

29.03.2012, 18:00 173


Шығыс Қазақстан облысының Алтай өлкесіндегі күндері аясында бүгін Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев пен Барнаул қаласының мэрі Игорь Савинцев екі қаланың бауырластығы жөніндегі меморандумға қол қойды.

- Біздің екі елдің арасында ертеден келе жатқан тығыз ынтымақтастық, дәстүрлерге бай мәдени байланыстар орнаған. Бұл Қазақстан мен Ресейдің өзара достығын көрсетеді, - деді өзінің сөзінде Серік Тәукебаев.

- Біз қазірдің өзінде әр салада атқарылмақ нақты шараларды келісе бастадық, - деді Барнаул мэрі Игорь Савинцев, - алдағы уақытта өзара делегациялар, шығармашылық ұжымдар алмастырып, тағы басқа шараларды жүзеге асыруға келісетін боламыз.

Естеріңізге сала кетсек бүгін Барнауылда Қазақстан мен Ресейдің өзара шекаралас екі аймағының үлкен бизнес - форумы өтуде. Таңертең аймақтың азық-түлік және тауар өндіретін кәсіпорындары өнімдерінің жәрмеңкесі барнаулдықтардың назарына ұсынылып, Шығыс Қазақстан оларға кеңінен таныстырылды.

Қазақстан мен Ресейдің 2010 жылғы өткізілген VII форумында қол қойылған 25 келісім мен он меморандум осы Шығыс Қазақстанда жүзеге асырылып жатыр.

Барнаулдағы И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінде қазақ тілі мен мәдениеті орталығы ашылатын болды. Кейінірек Өскемендегі С. Аманжолов атындағы университетте Ресейдің ғылым және мәдени орталығын ашу жоспарланды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив