KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ресейдің Алтай өлкесі мен ШҚО өзара тәжірибе алмасты

20.06.2012, 18:00 219


Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ Ресейдің Алтай өлкесіне жасаған ресми сапарында екі өңірдің әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасын жандандыру мақсатында қол қойылған арнайы меморандумға сәйкес Семейдегі бизнес колледжінде форум өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Бұл «Білім берудегі қызметтестік – халықаралық ықпалдастықтың стратегиялық жолы» атты халықаралық форум аясында екі елдің білім саласының мамандары өзара тәжірибе алмасты.

– Мұнда біздің және көрші елдің педагог мамандары өзара тәжірибе алмасуда. Алтай өлкесінен қосымша он оқу орны бұл форумға арнайы қонақ ретінде қатысуда, – дейді облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова.

Басқосу барысында Барнаул қаласындағы арнаулы орта оқу орындары директорлар кеңесінің төрағасы В.Косинова халықаралық қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталып өтті.

Шара шеңберінде Семейдегі Рымбек Бәйсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде «Электронды колледж» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Бағдарлама Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтіп, еліміздің барлық орта арнаулы білім беру мекемелеріне таралуда.

Форум соңында Алтай ақпараттық технологиялар колледжі мен Семей қаржы-экономикалық колледжі өзара іскерлік қарым-қатынас турасындағы меморандумды бекітіп, алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу арқылы бірлесе жұмыс атқару туралы келісімге келді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив