KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Кеденнен кері қайтарыпты

25.03.2012, 18:00 159


Облыс аумағына ауылшаруашылығына аса зор зиянын тигізетін өсімдік тектес өнімдер мен карантиндік объектілердің еніп кетпеуін бақылайтын аудандық, қалалық аумақтық инспекциялар мен фитосанитарлық бақылау бекеттері инспекторлары өткен жылы карантин саласындағы заңдылықтың
орындалуына 700-ге жуық тексеру жүргізіпті.

Соның нәтижесінде карантинге жатқызылған өнімдерді тиісті құжаттарсыз тасымалдаған 141 заң бұзушылық анық-талып, ол үшін 117 әкімшілік шара қолда-нылып, 485 мың теңге айыппұл салыныпты.
Заң бұзушылықтар негізінен карантинге жатқызылған өнімдердің тиісті талапқа
сай рәсімделмеуі немесе мүлде болмауына байланысты болып келген. Мәселен, Қытайдан әкелініп жатқан көкөніс-жемістердің құжаттары болмағандықтан 19 жағдайда кері қайтарылған. Тағы бес жағдайда ол тәркіленіп, жойылған, оның ішінде екі жағдайда сәбіз тұқымы мен қауыннан карантиндік объектілер табылған.
Шығыс Қазақстанға жыл сайын әлемнің қырықтан астам елінен карантинге жатқызылған өсімдік өнімдері әкелінеді. Олардың ішінде түрлі ауру қоздырғыштар, зиянкестер, олардың личинкалары мен арамшөптер тұқымдары болуы мүмкін. Ал олар өз кезегінде ауылшаруашылығына аса зор зиянын тигізуі ықтимал.
– Сондықтан да қырағылықты бір сәт те босаңсытуға болмайды, – дейді бұл орайда облысымыздың өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Ғадылбек Дүсіпов

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив