KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2,7 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Мәскеулік «Динамо» боксшылары Астанаға келді

20.03.2012, 18:00 239


. 21 наурызда «Астана арландарының» негізгі қарсыласы - мәскеулік «Динамо» құрамасы елордаға келді.Наурыздың 23-і күні екі команда Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында жартылай финалдың алғашқы жекпе-жектерін өткізетін болады.
Бүгін ресейлік боксшылар арнайы дайындықтарын өткізеді. Ертең екі команда боксшыларының салмақтары өлшенеді. Ал, наурыздың 23-і күні «Астана арландары» мен «Мәскеулік Динамо» командалары арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Турнирдің жұптары: Мейіржан Рахымжанов - Владимир Никитин (54 келі), Мерей Ақшалов - Вазген Сафарянц (61 келі), Мирас Байырханов - Виталий Бондаренко (73 келі), Рамжон Ахмедов - Данила Швед (85 келі), Руслан Мырсатаев - Сергей Калчугин (+91 келі). Осы жолы команда капитаны Қанат Сләм мен легионер Абдельхалид Бенчабла шаршы алаңға шықпайды. Олар наурыздың 30-ы күні Мәскеу қаласында өтетін есептік жекпе-жектерге шығуы тиіс.
Айта кеткен жөн, биыл «Астана арландары» мен мәскеулік "Динамо» екі рет кездескен болатын. Астанада өткен кездесуде ресейліктер 2:3 есебімен ұтылса, Мәскеудегі жекпе-жекте «Астана арландары» 5:0 болып, оңбай жеңілген еді.

http://inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив