KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 2 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

«Астана арландары» «Куба Домадорестен» жеңіліп қалды

27.09.2018, 04:55 107


«Астана арландары» мен «Куба Домадорес» боксшылары арасындағы алғашқы текетірес кубалықтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүкіл әлемдік бокс сериясы (WSB) сегізінші маусымының алғашқы финалында қарсыластар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Аталмыш жекпе-жектер Қытайдың Сямынь қаласында өткен болатын.


Алғашқы жұдырықтасуда Теміртас Жүсіпов кубалық Дамиан Арсе Дуартені (49 келі) жеңгенімен, одан кейін шаршы алаңға шыққан Ілияс Сүлейменов Освиэл Давид Кабалльеро Гарсияға (56 келі), ал Ділмұрат Мәжітов Энди Крузға (64 келі) жол берді. Төртінші кездесуде Әбілхан Аманқұл қарсыласы Ослейс Иглесиас Эстраданы (75 келі) жеңіп, таразы басын теңестіргенімен, соңғы жекпе-жекте 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбол Алтаев Бостандық аралының сақа боксшысы Эрисланди Савонға бәлендей қарсылық таныта алмады. Қорытынды есеп 2:3 кубалықтардың пайдасына.


Еске салайық, бұл қарсыластар арасындағы алғашқы кездесу. Екінші финалдық жекпе-жектер ертең өтпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив