KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары айтарлықтай төмендеді

19.03.2012, 18:00 107


Облыстық статистикалық басқармадан хабарлағандай, 2012 жылдың ақпанында қаңтар айымен салыстырғанда жұмсақ сортты бидайдың сатылым бағасының 0,5 пайызға, арпаның - 1,2 пайызға, сұлының - 0,8 пайызға, күнбағыс тұқымдарының - 0,4 пайызға, картоптың - 3,3 пайызға төмендеуі тіркелді.

Сәбіз бағасы 1 пайызға; сүтті табынның ірі қара малы - 4; етті мал - 2,3; қой - 1,6; жылқы - 0,3; үй құстары - 2,5; сүт - 1,9; жұмыртқа - 0,7 пайызға өсті.

Жалпы алғанда 2012 жылдың екі алғашқы айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығының сатылған өнімдерінің бағалары 2,2 пайызға өсті, ал өткен жылдың осы кезеңінде бағалар 3,9 пайызға артқан болатын.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив