KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Белгісіз адам балаларды атып кетті

19.03.2012, 18:00 124


Францияның Тулуза қаласында болған жантүршігерлік оқиға күллі әлемді дүр сілкіндірді. Белгісіз біреу қаладағы «Озар Тора» еврей мектебінің жанында төрт адамды атып кеткен.

Полицияның пайымдауынша қылмыскер ұлттық азшылық өкілдерін көздеген болуы мүмкін.
Мектеп жанына мотоциклмен келген белгісіз біреу оқ жаудырып, мектеп мұғалімін, оның алты жасар қызын және 17 жасар бозбаланы мерт қылған. Бірнеше адамды жарақаттаған. Біраз уақыттан кейін алған жарақаттарынан тағы бір адам көз жұмған. Мерт болғандардың нақты саны әлі айтылмай отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда зардап шеккендердің арасында мектеп директорының қызы да бар көрінеді.
Өткен аптада осы аймақта болған атыстарда үш әскери қызметші қаза тапқан болатын. Куәгерлер ол жолы да қылмыскердің мотоциклмен келгенін көрген.
Алайда, Франция басшысы Николя Саркози "бүгінгі мектеп жанында болған шабуылды әскерилер қазасымен байланыстыру тым ерте" деп мәлімдегенін.
Қазіргі уақытта Франциядағы еврей мектептерінде сақтық шаралары күшейтілген. Израиль билігі Франциядан қылмыскерді тезірек тауып, құрықтауды талап етіп отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив