KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

АҚШ-та психиатриялық клиникаға белгісіз біреу оқ жаудырды

8.03.2012, 18:00 87


Пенсильвания штаты қалаларының бірінде ер адам психиатриялық клиникаға оқ жаудырды. Екі адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланғаны хабарланды.

«Ер адам психиатриялық клиникаға басып кіріп, емделушілеге оқ ата бастаған. Полицейлер ғимаратты қоршауға алды. Оның не себепті оқ атқаны әлі белгісіз», - деп хабарлайды «Вести.Ru».

Оқиға орнына полицей арнайы жасағы келді. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. Клиника мен оған жақын ғимараттар, оның ішінде бастауыш мектеп жабылды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив