KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Жалғыз ішетін емес, серік болсын деп шақырдым

28.02.2012, 18:00 98


Қадылбек Өскемендегі арнаулы комендатураның бастығы болып тұрған кез екен. Қыстың ерте түсетін бір ымыртында оның әріптесі, милиция майоры Мәжіренов Орал деген жігіт кабинетке телефон соғыпты.
- Жағдай қиын, - дейді ол хал сұраған Қадылбекке, - «Самал» гастрономының жанында екі орыс қысып тұр, сенің көмегің қажет...
Мұны естіген Қадылбек жанына бір милиционерді ертіп алып, екеуі екі резеңке сойылмен қаруланып, жүгірген күйі «Самалға» жетеді. Жетсе, Орал қалқиып телефон будкасының қасында тұр екен.
- Қайда әлгілер? - дейді екеуі ентіктерін баса алмаған күйі айналаға жалт-жалт қарап.
- Кім? - деп сұраса керек сонда, әжептәуір қызу Орал елеуреген екеуіне таңырқай қарап.
- Кімі несі, әлгі сені қыспақтаған орыстар...
- Ә, олар мұнда, - деп анау пальтосының екі қалтасынан екі жарты «Русская водканы» суыра беріпті, - жалғыз ішетін емес, сендерді серік болсын деп шақырдым...




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив