KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Қазақстан кеденшілері «Кеден қызметі-2013: СЭҚ Технологиялары» атты XIV халықаралық көрмеге қатысты

29.10.2013, 18:00 145


Мәскеу қаласында (Ресей федерациясы) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің ресми көрме мәртебесі бар халықаралық көрмесі өтті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Кеден қызметі халықаралық көрменің тұрақты қатысушысы болып табылады. Осы жылы ол Қазақстанның сыртқы шекарасында қызмет ететін және заманауи инспекциялық-тесеріп қарау кешенімен жабдықталған темір және автомобильді өткізу пункттерінің макеттерін ұсынды.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен көрме қонақтарын Қазақстан кеден органдарының жұмыс нәтижесі, кеден ісі саласындағы жетістіктері, сонымен қатар кедендік бақылауды ұйымдастырудағы жаңа көзқарастар мен кедендік инфрақұрылымның мүмкіндіктері қызықтырды.

Осы жылы көрмеге 120 жуық экспонент қатысты. Өз стендтерін Әзербайжан, Беларусь және алыс шет елдері ұсынған.

Көрме шеңберінде шет ел инвестициялары процесіндегі кедендік әкімшілендіру, өңірлік пошталық-көліктік және кедендік инфрақұрылымды, Интернет-сауданы кедендік әкімшілендіру және т.б. мәселелері қарастырылған дөңгелек үстелдер өткізілді.

Көрме қатысушылары аталмыш іс-шаралардың дәстүрлік өткізілуі тек демонстрациялық шара емес, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтар кеден және бизнестің өзара іс-қимылының замануи механизмдерімен, мүмкіндіктерімен және жолдарымен танысуы мүмкін, сонымен бірге кеден органдарының жұмысын жетілдіру және бар кедендік технологияларды жаңғырту бойынша ұсыныстарын енгізетін іскерлік қарым-қатынас орны болып табылады.

Мәскеу қаласына ресми сапары аясында Қазақстан делегациясы сонымен қатар Ресей кеден академиясына барды.

Ол жерде академия басшылығымен және қазақстандық студенттермен кездесу өтті. Біздің делегация инфрақұрылыммен, академияның материалдық-техникалық базасымен және студенттердің тұру жағдайымен танысты. Сонымен бірге студенттер мен кеден қызметінің қызметкерлерін оқыту бөлігіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив