KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Бөкейханов атындағы қор ашылады

10.01.2016, 18:00 198


Осыған орай Семейде қала әкімінің орынбасары Н.Шарованың қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиында Отантай Кәріпжанов, Амантай Доғалақов, Мұхтарбек Кәрімов, Тыныштықбек Әбдікәкім, Құсмілия Нұрқасым, Берік Көпбаев, Нүриден Иманбаев секілді зиялы қауым өкілдері алаш қайраткерінің мерейтойын лайықты деңгейде атап өтуге қатысты өз пікірлерін ортаға салды.Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған Әлихан Бөкейханов мерейтойының маңыздылығына тоқталды.

Басқосуда Семей қаласындағы орталық көшелердің біріне тұлғаның атын беру, мектеп, колледждердің бірінің атын Бөкейханов есімімен атау және оған арнап ескерткіш орнату мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта Әлихан Бөкейханов атындағы арнайы қор құрылып, оған қалалық әкімшілік қызметкерлерінен бастап, барлық мекемедегі адамдар бір күндік еңбекақыларын аударатыны туралы да айтылды.

Раушан Нұғманбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив