KZ
Өскемен
+17°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Семей мен Зырян жастарының мүддесі бір

13.03.2014, 18:00 270



Семей мемлекеттік медицина университетінде «Жастар «Мәңгілік Ел» идеясын қолдайды!» атты дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шараға Зырян ауданы мен Семей қаласындағы жастар орталықтарының жетекшілері, «Жас Отан» жастар қанатының, «Пікір-сайыс бірлестігі» қоғамдық қоры мүшелері, мемлекеттік медицина университетінің студенттері және қаланың белсенді жастары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – «Қазақстан жолы-2050» Стратегиясындағы Мәңгілік ел идеологиясын қолдай отыра, осы идеяны насихаттау.

– Елбасы айтқандай, бабалардың ерлігі мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастықты, мәдениетті жалғастыратын жастар екендігін ұмытпаған жөн, – деді «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Қасым Жантұяқов.

– Таяудағы жылдары әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылсақ, ата-бабаларымыз армандаған Қазақ елі – мәңгілік ел болатыны сөзсіз. Сондықтан біз басқа да ұлттық-мәдени бірлестіктермен бірге Елбасымыз айтқандай, «қазақстандықтардың алтын жетістігі» – бейбітшілік, келісім мен бірлікті одан әрі дамыта отырып, Мәңгілік ел орнатамыз деп сенеміз, – деді Зырян аудандық «Жастар орталығының» директоры Шолпан Мұсабаева.

Дөңгелек үстел Зырян ауданы әкімдігінің «Жастар орталығы» мен Семей қаласы «Жастар орталығы» мекемесінің арасында екі жақты әріптестік туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды. Меморандум мақсаты мемлекеттік жастар саясаты аясында жастарды тәрбиелеуде, білім алуда ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылды.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив