KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Тарбағатай ауданында тұратын азамат осы ауылдың тұрғынын аса қатыгездікпен өлтірген

28.02.2012, 18:00 75


Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында тұратын 23 жастағы азамат осы ауылдың 33 жастағы тұрғынын аса қатыгездікпен өлтірді.

Ашуға мінген жігіт жәбірленушіге бұрауыш (отвертка) тығып, одан кейін құрбанының бетін балталап тастапты.
Кешкі сағат төрттердің шамасында Еркіннің үйіне жиналған бұрын бір мәрте сотты болған Жаңабай мен бірнеше рет сотталған Саят және Мұрат есімді азаматтар спиртті ішімдік ішкен. Сол жерде ақыл-есі ащы суға кеткен Жаңабай мен Мұраттың арасында жанжал туындайды. Өздерінің істерінің жөн екенін дәлелдеп, өктем екендіктерін көрсетпек болған екеудің арасындағы жайтты анықтамаққа жиналған төрешілер Қанаттың Москвич-412 автокөлігімен ауыл сыртына аттанады. Ашуға булыққандар ақылдарына дес бермегенмен, жүргізушіге бағынған көліктерін жолдағы қалың қар тоқтатып, амалсыз аялдайды.

Таз ашуын тырнадан алады демекші, қара қылды қақ жармақ болған төрешілер Саят пен Қанат күтпеген жерде Жаңабайды қолдап, Мұратты күштеп москвичтің жүк салғышына салып алып, әрі қарай Құйған ауылын бетке алып жүріп кетеді. Сегіз шақырымдай жол жүрген олар жүк салғышта уақытша қамауға алынған Мұратқа аяқ астынан жаза тағайындап, өлім жазасына кесіпті. Арақ пенен ашудың әсерінен шығарылған үкімді Жаңабай орындауға міндеттеніп, машинадан алған бұрауышты Мұраттың жүрек тұсына қадаған. Мұнан әрі, қылмыс істегендерін түсінген қазылар алқасындағы Қанат пен Саят, мақсатына жеткен Жаңабай Мұраттың өлі денесін қар астына көміп тастайды да, ауылға кері қайтар жолда қылмыс істеген қаруларын жол жиегіне лақтырып кете барады.

Ауылға оралғанда өз ісіне өзі сенбей, жаны жай таппаған Жаңабай қасындағылармен қайта қылмыс болған жерге балта ала барып, Мұраттың өліміне көз жеткізу үшін бетін балталап тастаған. Жұмыстарын тындырдық деп ойлаған олар бұдан кейінгі бірнеше күн тыныштық сақтап, ештеңе сездірмеудің қамымен жүрген. Бірақ арам пиғылдылардың ісін, Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне Мұраттың әкесінің, баласын іздеп, көмек сұрай жазған жан айқайға толы арызы жасыруға мүмкіндік бермеді.

Арақтың салдарынан ажал құшқан азаматтың ісін анықтауға арнайы құрылған топ сол күнгі автокөлікті ұстап, жәбірленушінің және күдіктілердің киімі мен балтаны айғақ зат ретінде алды. Қазір осы іске қатысты адам өлтіру мен бас бостандығынан заңсыз айыру деректері бойынша, яғни ҚР ҚК 96 бабының 1 тармағы, ҚР ҚК 126 бабының 2 тармағының «а» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы іске қатысты деп танылған Жаңабай мен Саят және Қанаттар күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

kaz.gazeta.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив